Кездесу кезінде жігіт қызының ұялы телефонын ұрлап кеткен

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде телефон ұрлады деген күдікпен жас жігітті ұстаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сотқа дейінгі тергеу барысында әлеметтік желі арқылы танысқандар және олар таныстықты кафеде жалғастыруды шешкен.
Иманов көшесінде орналасқан кафелердің бірінде кездесіп екеуі ішімдікте ішкен. Анықталғанындай, қыз би алаңына шыққан кезде, жігіт қыздың сөмкесінен "Huawei" маркалы ұялы телефонын ұрлап, кафеден дереу кетіп қалған.

Елордалық полицейлер күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шыққан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағы болуға, құнды заттарды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.