Петропавлдағы бірнеше мектеп Алаш арыстарының атымен аталмақ

Облыстық мәслихат депутаттары осындай шешім қабылдап, оны республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат бойынша қаладағы № 25 мектепке Әлихан Бөкейханның, № 2 мектепке Смағұл Сәдуақасұлының, № 9 мектепке Ахмет Байтұрсынұлының және де ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін беру ұсынылған.

Ернияз Сұлтанов, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:

– Республикалық ономастика комиссиясы жоғарыда аталған ұсыныстарды қолдау, оң қорытынды беріп жатқан жағдайда біздің тарапымыздан ҚР Үкіметі қаулы жобасы әзірленіп, мүдделі министрліктермен келісіп, ҚР премьер-министрі кеңсесіне жолданатын болады.