Алматы облысында сүт безі обырына шалдыққандар көбейген

Былтыр 223 адамнан дерт білгілері байқалса, биыл тоғыз айдың өзінде 272 әйелден анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырқаттар санының өсуіне скрингтіктік жұмыстардың қолға алынуы себеп. Биыл 40 пен 70 жас аралығындағы әйел адамдардың 67 проценті тексерістен өткен. Соның нәтижесінде енді ғана дертке ұшыраған науқастар анықталды. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін облыс онкологтары енді аудандарды да араламақ. Хирургтар мен мамологтар жергілікті тұрғындарды тексереді және кеңес береді.

Дәулет Айдаров, аймақтық көпсаласы клиниканың онколог-маммолог дәрігері:

- Сүт безі обыры халық еміне көнбейді негізінен. Оның ерте сатысында бірінші екінші сатысында анықтап, диагностикалап емдеген кезде 90-95 пайыз жағдайда емге оңай көнеді. Өкінішке орай 2-3 сатысында емнің жалғастыру көрсеткішін 50-55 пайызға төмендетуі мүмкін.