Жамбылдық тұрғын түйеқұс өсіріп отыр

Қазақстанда африкалық түйеқұс өсіруге болады. Оған қызығушылық та бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жамбыл облысының тұрғыны Әбдірақым Қуанышбаев осыдан 4 жыл бұрын бір айлық балапандар сатып алған. Олар өсіп-өніп, енді жұмыртқа бере бастады. Бір жұмыртқаның салмағы шамамен 1 жарым келі. Бұл экзотикалық құстар Жамбыл облысын жақсы жерсінген. Оларға күтім жасау соншалықты қиын емес. Жоңыршқа, жем, нан араластырып беріп, күніне үш рет тамақтандырамыз. Әрқайсысының салмағы шамамен 120 келіге дейін жетеді. Бізде қазір екі түйеқұс қана бар. Болашақта экзотикалық құстардың бұдан басқа да түрлерін әкеліп, инкубациялық әдіспен көбейтеміз. Осы жерден балаларға арналған бұрыш ашқымыз келеді дейді шаруа. Қожалық жүзім жинап, балық өсірумен де айналысады.

Абдрахим Қуанышбаев, шаруа қожалығының басшысы:

– Павлин, аққу, страус, тағы да басқа құстар бар. Оларды әкелуге жоспарлап отырмыз. 4-5 жыл болды, іске асырып жатырмыз. Мынау соған дайындалған құстар. Мұның қиыншылығы – бірінші жылы, балапан кезінде. Өзінің жемі бар, өзінің температурасы болу керек.