Алматы қаласы «қызыл аймақтан» шықты

2021 жылғы 25 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта» : Алматы қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.