460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбылда 127 мыңнан астам адам жер телімі кезегінде тұр

  • 160
  • UPD: 11:14, 25.10.2021
Жамбылда 127 мыңнан астам адам жер телімі кезегінде тұр

Жамбыл облысы бойынша 127 мыңнан астам адам жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде тұр. Соның 11 мыңы бір ғана ауданның еншісінде.

Жыл соңына дейін Жамбыл ауданына қарасты 7 елді мекеннің 1052 тұрғыны жер телімін алады. Онда қажетті инфрақұрылым тартылған. Қазір кезекте тұрған азаматтардың құжаттары әзірленіп жатыр. Берілген жерлерге белгіленген мерзім ішінде үй салынбаса, ол өзге тұрғындарға үлестіріледі. Ұзын-сонар кезекті азайту үшін ауданда арнайы жол картасы әзірленіп, жүзеге асырыла бастады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Қайрат Тілеубаев, аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы:

– Барлық елді мекендерге газ жүргізу, су жүргізу, электр шамын жүргізу, электр сымын жүргізу сияқты жұмыстардың барлығы біткен. Енді бітпей тұрған Аса елді мекеніне қаражат бөлу керек. Бюджеттік тапсырылған ұсыным – 578 млн теңге. Ол келесі жылға жоспарланып бөлінсе, Аса елді мекеніне де 811 жер телімін беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы