Ресей Қазақстанның екі өңірін газдандыруға қатысуы мүмкін

Ресей Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарын газдандыруда газ жеткізуге қатысуы мүмкін. Еліміздің Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресейдің вице-премьері Александр Новакпен кездесуінде осындай ұсыныс жасады.

Өз кезегінде А.Новак Ресей үкіметі осы мәселе бойынша келіссөздер бастауға дайын екендігін айтты. Сонымен қатар көрші елмен бірге, сұйытылған табиғи газдың жанармай құю станциялары желісін құру бойынша инвестициялық жоба болуы мүмкін. Ол Ресейден Қытай Халық Республикасына дейінгі транзиттік бағыт бойында орналасады деп жоспарланған. Бұл Қазақстанның көлік хабы ретінде логистикалық тартымдылығын арттырады. Бұдан бөлек, Ресей бізге дизель жеткізуді жалғастыруы ықтимал. Біз үшін бұл жақсы жаңалық, дейді кейбір сарашылар. Өйткені ол тапшылық салдарынан көтеріліп кеткен сұйық отын бағасын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.