Әділет министрі «Стати ісі» бойынша сұхбат берді

Қазақстанның Әділет министрі «Стати ісінде» жеңіске жетуге ниетті.

Еске салайық, молдавиялық олигарх Анатолий Стати мен оның ұлы Габриэль Статидің алаяқтық әрекеттері 2000 жылдардың басында басталған. Олар халықаралық инвесторлардың ақшасын иемденіп, қаржылық есепті бұрмалаумен айналысқан. Кейін өздері ұрлаған қаражатты алу үшін халықаралық сотқа Қазақстанға қарсы талап арыз жазған. Марат Бекетаев «Национальный интерес» бағдарламасында Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында осы істің мән-жайын айтып берді. 

Сондай-ақ Әділет министрі Мұхтар Әблязов ісіне қатысты тақырыпты қозғады.

Бағдарламаны «Хабар» арнасынан бүгін сағат 22:30-да көре аласыздар.