Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

23 қазан күні Қазақстан аумағында 20 адам – коронавирустан, тағы 4 сырқат – пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 5 науқас. Қарағанды облысында - 3, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - 2, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында – бір адамнан көз жұмған. Тек Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.