Шымкенттік полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Базар жағалап, жаңғақ сатқан әжеге қатысты қызметін асыра пайдаланған екі полицей тәртіптік жазаға тартылды. Олар бүгін кешірім сұрады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қос қызметкер кейуананың телефонын тартып алып, дауыс көтерген. Бұл қалың жұрттың наразылығын тудырды. Тәртіптік кеңестің отырысында әжейдің полицейлердің әрекетіне шағымы жоқ болғанымен, тәртіп сақшылары жауапкершіліктен құтылған жоқ. 

Алмас Әмзеев, қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Полиция департаментінің Тәртіптік кеңес комиссиясының шешімімен полиция қызметкері Мүлкібаев Жұлдызбек Дүйсенбекұлы өз қызметіне толықтай сәйкес еместігі жөнінде, тағы бір қызметкеріміз Тұрмағанбетов Даут Зейдуллаевичке ескерту тәртіптік шарасы жарияланды. Себебі аталған қызметкерлердің тарапынан Әдеп Кодексінің нормалары бұзылды деп танылып, шешім қабылданды.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)