«Сбербанк» кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді

Сбербанк» АҚ Орал қаласындағы филиалы 3 мың заңды және 70 мыңнан аса белсенді клиентіне қызмет көрсетіп отыр.

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Нұрлы жер» секілді мемлекеттік бағдарламаларға қатысу бойынша өңірдегі көшбасшы банк саналады. Ірі компаниялар  Қазақстанның даму банкі банкаралық кредиттеу бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Сонымен бірге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. 

«Квант» компаниясында жұмсақ және корпусты жиһаз жасалады. Аумағы 10 мың шаршы метр болатын өндіріс ошағы неміс және италяндық қондырғылармен жабдықталған. «Сбербанктің» қолдауымен компания қосымша жаңа өндіріс цехын ашуға  мүмкіндік алды. Ал 2017 жылы іске қосылған «Жайық-Ет» құс фабрикасында 230 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорында ет шикізаты қайта өңделіп, шұжық пен жеңсік ас өнімдердің сан алуан түрі өндіріледі.

Темірғали Ескендіров, «Жайық-Ет» құс фабрикасының директоры: 

– Жұмыртқаны біз Башкириядан әкелеміз. Одан соң инкубаторға салып содан бір күндік балапандар шығарамыз. Ол бір күндік балапандар корпустарға отырғызады, 40 күннен кейін соямыз. Бұл жобамыз Сбербанк арқылы қаржы алғабыз. Үкіметтен 8 пайызы жабылады. Бүгінгі таңда біз 6 пайыз несие төлейміз жалпы бәрін алып тастаған кезде.  

Қазір өндіріс орны  толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жылына 7500 тонна тауық еті ішкі және сыртқы нарыққа жол тартады. Ал сбербанктен қолдау алған «Кама Қазақстан Сауда Үйі» серіктестігі автокөлік шиналарын қайта кәдеге жарату зауытын іске қосты. Нәтижесінде, экологиялық таза шикізат алуға, 52 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туды.  

Эльмира Ғалиева, «Сбербанк» АҚ ЕБ Орал филиалы директорының орынбасары:

– Сбербанктің Оралдағы филиалы 3000 заңды және 70 мыңнан астам жеке тұлғаларға қызмет  көрсетеді. Соның ішінде бизнестің барлық сегменттеріне несие беріледі. Және де мемлекеттік бағдарламасының бәрінен біздің клиенттер көмегін алады. Бүгінгі таңда 60 клиент несие алып отыр.

«Сбербанктің» Оралдағы филиалында «Сбербанк StartUP» бағдарламасы арқылы жүзге тарта клиент қаржылай қолдау алған. Ал «Скоринг» бағдарламасы аясында былтырдан бері аймақ кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 1 жарым млрд теңгеден аса көлемде несие берілді.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов