Академик Серік Қирабаев дүниеден озды

Қазақ әдебиеті тағы бір қара нарынан айырылды.

Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, сыншы, академик Серік Қирабаев 95 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Серік Смайылұлы 1927 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында туған.

Қирабаев әр жылдары түрлі газет-журналдарда басшылық қызмет атқарды.

Академиктің 800-ден астам әдеби-ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.

ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. «Хабар 24» телеарнасының ұжымы Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

Сондай-ақ...