Павлодарда жанат тектес ит үйдің ауласына кіріп кеткен

Павлодарда үй ауласына жанат тектес ит кіріп кетті. Жабайы аңды көрген тұрғындар орман шаруашылығына хабарласқан.

Мамандар пана іздеп келген түз жануарын тексеруден өткізді. Оның бойында ешқандай жарақаттың жоқтығына көз жеткізген соң табиғи ортаға жіберді. Жанат тектес иттер су жағалаулары мен сазды-батпақты жерлерде үйірімен өмір сүреді. Олар құс аулап жейді. Ал үй ауласына иттен қашып тығылса керек.

Сондай-ақ...