Шығыс Қазақстанда 108 сынып қашықтықтан оқуға жіберілді

Шығыс Қазақстан облысында 55 мектептегі 74 оқушы короновирус инфекциясын жұқтырып, емделіп жатыр.

Білім ошақтарында санитариялық талаптар күшейтілсе де, дерт дес берер емес. Жалпы оқу жылы басталғалы бері облыста мектеп жасындағы 660 баладан Covid-19 анықталыпты. Дегенмен олардың басым көпшілігі жазылып қайта қатарға қосылды. Қаулыға сай, бір сыныпта ауру тіркелсе, тек сол сынып қана екі апта оқшауланады. Ал бір ауысымдағы оқушылар арасында инфекция жұқтыру көрсеткіші 30 проценттен асса, онда сол ауысым қашықтықтан оқуға көшеді. Айта кету керек, қазір облыс сары аймақта.

Бағлан Тауанова, облыстық Снитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы:

– 108 сынып қашықтықтан оқыту форматына ауысып, оқу процесін жалғастыруда. Сондай-ақ оқу жылы басталғалы бері облыс бойынша 81 педагогтен коронавирус жұқтыру фактісі тіркелді. Сондай-ақ, айта кететін жайт, Шығыс Қазақстанда толық карантинге жабылған мектептер жоқ.