Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

Мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және басқа да ұйымдарға қызметкерлердің 70%-ін толық жұмыс күніне қайтару ұсынылған. Мәдени нысандарға да залдың жартысын толтыра отырып жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бірақ бұл жеңілдіктер «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарға берілді. Келушілердің «Жасыл» мәртебесі де мұқият тексеріледі. Облысаралық және қалааралық жолаушылар тасымалы әдеттегідей жұмыс істей береді.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.