Жамбыл облысында Қазақстан мал өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтеді

2021 жылғы 27 қазанда Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және екі дүркін Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай еліміздің барлық облыстарынан жетекші мамандардың қатысуымен Қазақстан мал өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтеді.

Іс-шара аясында Ауыл шаруашылығы министрі, облыс әкімі, бизнес пен азаматтық қоғам өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Ж. Қуанышбаев барельефіне гүл шоқтарын қою, оның есімі берілген көшенің лентасын қию салтанаты және  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Ж. Қуанышбаев атындағы Бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ Қазақстан мал өсірушілерінің слеті кезінде мал шаруашылығын дамыту мәселелерінің кең спектрін және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобаны іске асыру тетіктерін талқылау көзделген. Сондай-ақ, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Құрмет грамоталарын тапсыру рәсімі өтеді.

Іс-шара 2021 жылдың 27 қазанында сағат 09.00-де Жамбыл облысы әкімдігі ғимаратының жанында басталады.

Қосымша ақпарат алу үшін 87017013450 телефоны бойынша Дамир Егізбаевқа хабарласуға болады.