Семейде ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысы көтерілетін болды

Семейде ереуілге шыққан «Семей Тазалық» серіктестігі қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы сервистік қызмет көрсету компаниясының директоры хабарлады. Ол компанияда қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Еске салайық, жұмысшылар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен еді. Ал жауапты сала оны қыркүйек айында жүзеге асыруға уәде беріпті. Қоқыс тасымалдаумен айналысатын ұйымның басшысы ол кезде көрсетілетін қызмет тарифі көтеріледі деп үміттенген екен. Бірақ ілгеріде қабылданған баға берілген есептердің сәйкес келмеуіне орай өзгеріпті.

Айта кету керек, бес күнге созылған наразылықтың кесірінен қала қоқысқа көміліп, тұрғындар тарапынан әкімдікке шағым көбейген.

Бекжан Қапышев, «Семей Тазалық» ЖШС директоры:

– Біз соңғы қадамға барып отырмыз. Кеше келісімге келіп, бұйрық бойынша жұмысшылардың жалақысын көтердік. Барлық жүргізушілер мен қоқыс тиейтін техникалар жұмысқа кірісіп, күшейтілген кестеге көшті. Қосымша тракторлар мен тиеушілерді іске қостық.

Айдар Садырбаев, қала әкімінің орынбасары:

– Арнайы компания шакырылып, қазір тарифтің есеп-қисабын жасап жатыр. Бұл осы жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс. 6 жылдың көлемінде тариф өзгерген жоқ, қалалықтар оны біледі. Бұл енді Қазақстандағы ең төмен тарифтердің бірі. Өз тарапымыздан мына тарифтің бекітілуіне байланысты тиісті шаралар бекітілген мерзім аясында, яғни жыл яғына дейін шешіледі деп айта аламыз.