Елорданың орталық алаңында жаңа қоғамдық орындар пайда болады

Қаладағы орман, ашық аспан астындағы сахна және буға айналатын арт-инсталляция. Осының бәрі жуырда бас шаһардың орталық алаңында пайда болады. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Елордадағы қоғамдық кеңістік орындарының бірі – Қабанбай батыр көшесінен Самал шағын ауданына бара жатқандағы сол жақ жағалауы қазір қалқаланған шатыры дайын. Жоспар бойынша бұл жерде театрландырылған қойылымдар, концерттер, шығармашылық кештер өтеді. Жалпы жөндеу жұмыстары апта соңында аяқталуы керек.

Осылайша шағын сахна және тамақтану орындары пайда болады. Әткеншектері бар ойын алаңы ашылады. «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасы бойынша қолжетімді кедергісіз орта құрылады. Көпір астында жаяу жүргіншілер үшін пандус салынады. Ал жағалау бойындағы веложол елорданың барлық саябаяғын байланыстырады.

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Егер сіз жаяу жүруден шаршасаңыз, Ататүрік саябағына келіп мынадай гамак-аспалы торға отырып, арқаны кеңге салып тынығып алуыңызға да болады.

Мұнда 15-ке жуық гамак орнатылған. Сондай-ақ биыл саябақта 300-ден астам түп тал-терек отырғызылды. Йогаға арналған алаңға дейін қамтылған. Бірқатар саябақта скейт-парк пайдалануға берілді. Жалпы осы жылы шаһарда 40-тан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Тұрғындарға ұнап жатыр.

БЛИЦ:

- Абаттандыру жұмыстары жақсы жүргізілген. Бірден байқалады. Осыдан 2 жыл бұрын мұндағы көрініс жұпынылау болатын.

– Қаламыз көркейіп келеді. Таза ауада серуендеген ұнайды.

Қала әкімдігі ғимаратының алдындағы алаң да көгалдандырылып жатыр. Қазіргі таңда субұрқақ кешені мен амфитеатрдың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал Ақбұлақ өзенінің жағалауында оқытушылар мен құтқарушылар сквері ашылды. Қалалық урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен былай дейді.

Елнар Базыкен, қалалық урбанистика орталығының басшысы:

- Осындай кеңістіктерде халыққа ыңғайлы және қызықты болуы үшін жасаймыз. Әрбір қоғамдық кеңістікті жасағанда қоғамдық талқылауды өткіздік. Халықпен сөйлесіп бірлесіп жасадық. Мысалы, биыл Мұғалімдер алаңын салдық. Ол Еуразия Ұлттық университеті алаңында орналасқан. Онда біз көп тал ектік.

Білім беру мекемелерінің алаңында ашық аудитория аумағы пайда болмақ. Онда мұғалімдер кез келген уақытта оқушыларға сабақ беріп, ата-аналарымен жиналыс өткізе алады.

Мирлан Алтынбек, Диас Қовланбаев