«Startup Bolashaq» байқауының әрбір финалисі 10 млн теңгеден алады

«Startup Bolashaq» байқауының финалистері 10 миллион теңгені қанжығалайтын болады.

Бүгін елордада отандастарымыздың бизнес бастамаларын қолдауға бағытталған республикалық жобаның бесінші маусымы басталды. Бұл жолы бір емес, бірнеше адам жеңімпаз болады. Яғни өз ісін ашып, дамытқысы келетін 10 жас кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Ең өтімді деген идеяларды белгілі кәсіпкерлер мен қаржыгерлерден құралған арнайы комиссия іріктейді. Байқауға қатысуға өтініштер 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Қаныш Төлеушин, жоба ұйымдастырушысы:

- Бұл жоба тың идеясы бар адамдар үшін таптырмайтын мүмкіндік деп ойлаймын. Жаңадан бизнесін бастауға құлшынысы басым кәсіпкерлер көп болса дейміз. Жаңа жұмыс орындарын құрып, Отанына пайдасы тиетін жастарға қолдау көп.

Сондай-ақ...