Астана халқының 80% астамы санақтан өтті

Елорда тұрғындарының 80 проценттен астамы санақтан өткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте мәлім болды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша қала жұртының санаққа қатысу қарқыны жоғары. Ірі қала болғандықтан азаматтардың көбі жұмыста. Сондықтан санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Бүгінде елордада үй-үйді аралау жұмыстарына 1,5 мыңға жуық интервьюер тартылды. Түсіндіру жұмыстарына екі жүзден астам волонтер жұмылдырылған. Шаһардың барлық жерінде Статистика департаменті мен волонтерлар жұмыс істеп жатыр. Санақ қазанның 30-ына дейін жалғасады.