Петропавл іргесіндегі ауыл халқы жарыққа жарымай отыр

Петропавл іргесіндегі Затон елді мекенінің тұрғындары өркениеттен шет қалдық деп наразы. Ауыл халқы электр энергиясынан қиындық көріп отыр.  Себебі желілер әбден ескірген. 

- Обидно когда вечером сидишь без света дома. Смотришь на город, они там все со светом. А ты сидишь здесь как в средневековье при свечах.

Владислав Бойко Затон елді мекеніне бір жыл бұрын көшіп келген. Азамат жарықтың жиі сөнуінен талай техника істен шыққанын айтады. Ал ауылдағы электр бағаналары әбден тозған.

Владислав Бойко, Затон ауылының тұрғыны:

- Бағананың түрі мынау. Шіріп жатыр. Ертең қатты жел болса құлауы да мүмкін. Ал біреу тоққа түссе кім жауап береді? Былтыр ауыстырып жатқандай болып еді. Жұмыстар тоқтап қалды.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Затон ауылын екіге бөліп тұрған дәл осы темір жол. Мұндағылардың айтуы бойынша сол жағымда тұратындардың жағдайы айтарлықтай жақсы. Ал оң жақтағы халық «өркениеттен шет қалдық» деп ашынады. Өйткені қордаланып қалған мәселе көп мұнда.

Аталған елді мекен облыс орталығынан небәрі он шақырымдай жерде орналасқан. Қазір мұнда 100-ге жуық үй түтін түтетіп отыр. Жарыққа жол, су мәселелері қосылып, жұртты әбден титықтатқан.

Қадиша Есқожина, Затон ауылының тұрғыны:

- Сөне береді. Тегі сымдар ескі ме ? Сондай бір причинасы бар. Или күші жетпей ме ? Болады екі күндеп, суткалап светсіз боламыз. Бес жыл бұрын бізге су өткізеді деген. Ақша бөлді деген. Енді сол тоқтап қалды.

Жарық мәселесін шешуге 25 миллион теңге қажет. Оның 9 миллионы игерілді. Қаржының жоқтығы жұмыстарға қолбайлау болып тұр. 

Оралбек Жамалиев, Петерфельд ауылдық округінің әкімі:

- Затон ауылының жартысынан көбі бізде Южно-Уральское железная дорогаға қатысты. Былтыр біз 9 миллионға жарық мәселесін істедік. Енді келесі жылға бізге остается 16 миллионға. Су желілерін қайта қалпына келтіру жобасы әлі экспертизада жатыр. Қазір ол жобада 13 ауыл. Затон сол 13 ауылдың ішіне кіреді.

Көпті мазалап жүрген тағы бір сұрақ – ол қоғамдық көлік қатынасы. Ауылға автобустың келмей қойғанына бір апта болған. Ауыл әкімі аталған мәселені шешу үшін облыстық знергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына хат жолдағанын айтты. 

Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев