434,60 493.30 5,88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда Мұқағали Мақатаевқа арналған мурал пайда болды

  • 129
  • UPD: 20:49, 27.10.2021
Алматыда Мұқағали Мақатаевқа арналған мурал пайда болды

Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына Мұқағали Мақатаевтың суреті салынды.

Мурал мұзбалақ ақынның 90 жылдығына арналды. Авторы жас суретші Аманқұл Нұрболат. Ақиық ақынның туған туыстары өнерпаздың туындысын жоғары бағалады. Ал шараға шиналған ақын-жазушылар қаладағы  еңселі үйлерге тау-тұлғалардың бейнесі көптеп салынса деген тілек айтты. 

Бақыт Беделхан, ақын: 

- Таулар таулар, ей таулар ығысыңдар, орын сайла ортаңнан жұмысым бар,- дейтін Мұқағали ғой! Таулардың арасында ғана емес, қазақтың даласында, осындай ығы-жығы болып жататын қаласында да қызмет ете беретін Мұқағали. Сондықтан мынандай үлкен зәулім үйдің қабырғасында бір рухтың келбеті боп, рух болып сөйлеп тұратын тұлға міндетті түрде қажет.

 

Хабар 24 телеарнасы