Энергетика министрлігі авиаотынның тапшылығы туралы мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі авиаотынның тапшылығы жөнінде мәлімдеме жасады.

Мекеме өкілінің айтуынша, қыркүйек айының басында әуежайлар мен авиакомпанияларға Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы алдын ала хабар берілген.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ресми өкілі тапшылық мәселесінің нысанның тұрақты жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеген.

«Қазан айында Мұнай өңдеу зауыттарында қосымша 2000 тонна авиаотын шығарылады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қосымша көлем бөлінетін болады.Ірі жеткізушілер қарашаға арналған көлемдер бойынша жедел келісім-шарттар жасасады және мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтуді жеделдетеді. Сондай-ақ ірі жеткізушілердің бірі Нұр-Сұлтан әуежайына қосымша 700 тонна авиаотын жеткізеді. Осы орайда әуежайлар тарапы қажет отын көлемін тек ғана ірі емес, сонымен қатар шағын жеткізушілерден коммерциялық бағамен сатып алуы қажет».