Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцинация паспорттарын жарамды деп таныды

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.10.2021 жылғы №48 Қаулысы шықты, деп хабарлайды «Хабар 24»  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп табылатын болады.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.