430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстандағы әуежайлар авиаотын таусылуына байланысты дабыл қақты

  • 115
  • UPD: 13:36, 28.10.2021
Қазақстандағы әуежайлар авиаотын таусылуына байланысты дабыл қақты

Нұр-Сұлтан, Ақтау және Ақтөбе әуежайларында авиаотын сарқылған. Скат әуе компаниясы отынның 26 қазанда таусылғанын, бірақ өздері жинаған қордың арқасында жолаушылар тасымалы тоқтамағанын жеткізді.

Алайда керосин құны оларға екі есе қымбатқа түскен. Авиаотын өндірісінің азаюы ахуалды нашарлатып жіберді. Компания өкілдерінің айтуынша бұл рейстерге кері әсер етіп қоймай, билеттің де қымбаттауына себеп болуы мүмкін. Өйткені авиациялық отынның құны билет бағасының 40 процентін құрайды. Ал құзырлы министрлік ай соңына дейін еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2000 тонна авиаотын шығаратынын хабарлады.

Қарашада ірі тасымалдаушылар оны әуежайларға жедел жеткізуге кіріседі. Бұған дейін отын тапшылығын алға тартқан елордадағы әуежайға қосымша 700 тонна авиаотын берілетін болады. Дегенмен әуежайларға бұл мәселені өз бетінше шешуге кеңес берілді.

Хабар 24 телеарнасы