Әуе билеттері қымбаттауы мүмкін

Елде авиаотын жетіспеушілігі байқала бастады. Бүгін, ертең ұшуға мүмкіндігіміз мүлде болмайды деп әуекомпаниялары дабыл қағуда. Шетелден отын импорттаса, билет бағасы шарықтап кетпей ме деген сауал көпті мазалады. Тиісті мекеменің айтар өз уәжі бар.

Елорда әуежайында авиаотын жетіспеушілігі туындады. Себеп Павлодар мұнай-химия зауытында жөндеу жұмыстары басталған. Осыған орай авиаотын шығару тұралады. Кеш қамданған Скат секілді компаниялар әуе қатынасын екі күннен кейін тоқтамыз деп дабыл қағып отыр. Уәкілетті министрлік өкілдерінің айтуынша барлық әуекомпанияларына ескерту жасалған.

Талғат Құрманбаев, ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары:

– Бұл түйткілді мәселеде жолаушыларды мазалайтын жалғыз сұрақ бар. Билет бағасы қымбаттап кете ме? Әзірге әуе компаниялары үнсіз. Дегенмен авиаотын жетіспесе, шетелден импорттауға тура келеді. Есесіне билет құнының шарықтауы да мүмкін.

Бүгінде әуежайларда 30 мың тоннаға жуық отын бар. 9,2 мың тонна зауыттардан жөнелтілді. 15 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Қазан айының соңына дейін елдегі мұнай өңдеу зауыттары 2 мың тонна авиаотын шығарады. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы үшін қосымша отын бөлінеді. Сондай-ақ Скат әуе компаниясына Шымкент мұнай өңдеу зауытынан қосымша авиакеросин жеткізіледі деп жоспарланып отыр.