Бурабайда сілеусіндер бейнекамераға түсіп қалды

Бурабайда елімізде сирек кездесетін сілеусіннің жүргені байқалды. Қызыл кітапқа енген жануар бейнекамераға түсіп қалған.

Онда жануар жалғыз емес, бірнеше күшігімен бірге серуендеп жүргенін аңғаруға болады. «Бурабай» ұлттық табиғи паркі мамандарының сөзінше, курортты аймақта сілеусін алғаш рет биылғы жылдың мамыр айында кездескен. Бірақ ол кезде таспаға бір ғана жануар түскен екен.

Естеріңізде болса, кеше Солтүстік Қазақстан облысының аумағында да аталған аңның жүргенін айтқан болатынбыз. Бұл олардың көбейіп келе жатқан аңғартса керек.

Айта кетейік, елімізде сілеусін аулауға қатаң тыйым салынған.