ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырылған қойманы анықтады

 

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару жарақ жасырылған жерді анықтап, Семей қаласының Полиция ​басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді.

Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макарова қаруы жасырылған қойма табылды.

«Семей-Ресей шекарасы» автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макарова тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын бір дана көлемінде металл зат шығарылды.

Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына​ тиесілі екені анықталды.

– Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды, – деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дауренбеков.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының ​ 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ...