Румынияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Қазақстан Елшілігі Бухарест политехникалық университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Бейнеконференция форматында өткен іс-шараға көрнекті парламентшілер мен мемлекеттік органдардың басшылары, екі елдің ғылыми, іскерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев өз сөзінде еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатын дамытудың негізгі бағыттарын және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі мемлекетіміздің жоғары белсенділігін, оның ішінде ЕҚЫҰ, БҰҰ ҚК, ИЫҰ және басқалардағы табысты төрағалығын, сондай-ақ оның ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысқа қосқан қомақты үлесін атап өтті. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Бухарест кең ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді және түрлі салалардағы ынтымақтастықтың нақты жобаларын іске асыру үшін үнемі жұмыс істеуде.

Өз кезегінде Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дан Некулаеску екі сыртқы саяси ведомство арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, оның ішінде өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша тұрақты пікір алмасуды атап өтті.

Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз жаһандану және индустрияландыру дәуіріне сенімді қадам басқанын және барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында алға қойылған мақсаттарға сеніммен қадам басып келе жатқанын, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен, мемлекетіміздің маңызды демократиялық процестерін іске асыруға бағытталған реформаларды атап өтті.

Ол Румыния саяси және сауда-экономикалық салаларда, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді әріптестік орнатқан Қазақстан үшін маңызды еуропалық әріптес болып табылатынын атап өтті.

Елші 2020 ж. қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Абай бюстінің және 2021 ж. қыркүйекте Бухаресттегі «Қазақстан» скверінің және Нұр-Сұлтанда румын әдебиетінің классигі Михай Эминеску бюстінің ашылуын мәдениет саласындағы екі елдің жақындасуының жарқын дәлелі деп атады.
Қазақстан тәуелсіздігінің мерейтойына орай конференцияға қатысушыларға Румыния Сенатының Төрағасы және бұрынғы Президенті, екі мемлекеттің парламентаралық достық топтарының тең төрағалары – Ольга Перепечина, Кристиан Цыгырлаш, Әмірхан Рахымжанов, сондай-ақ Румыния Сенатының Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Розалия Биро бейне үндеу жасады.
Румыния Сенатының Төрағасы Анка Драгу Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Бухарест Нұр-Сұлтанның халықаралық аренадағы көптеген бастамаларын қолдайтынын және екі мемлекет арасында қалыптасқан кең ауқымды мәселелер бойынша сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.

Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылығын, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде нығайту үшін маңызды қадамдар қабылдағанын атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан өз күш-жігерін тұрақты дамуға және табиғи ресурстар мен адами капиталды сауатты басқаруға сәтті шоғырландырды.
Қазақстандық және румын парламентшілері екі елдің достық қарым-қатынастарына, сенім мен өзара құрметке негізделген парламентаралық байланыстардың, оның ішінде ЕҚЫҰ ПА және ЕҚЫҰ алаңдарында дамуының оң динамикасын атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық желісі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлар Сыдыков өзі басқарып отырған университет бірқатар румын жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасағандығын еске салып, жақын арада екі ел ректорларының конференциясын ұйымдастыруды ұсынды, ал Румыния политехникалық университетінің ректоры Михня Костою білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай деңгейін атап өтіп, университет аясында қазақстандық студенттерге оқу гранттарын беруге дайын екендігі туралы хабарлады.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанды тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, барлық қазақстандықтарға табыс пен өркендеу тіледі.