434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

  • 114
  • UPD: 17:29, 28.10.2021
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция департаментінің қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында соңғы он күннің ішінде 2 мыға тарта әкімшілік хаттама толтырған. Нәтижесінде мыңнан астам қоғамдық көліктің жүргізушісіне 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Олардың ішінде жылдамдықты асыру, бір-бірімен жарысу дерегінен бастап, ұялы телефонмен сөйлесу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар бір жүргізуші қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі таңда ол жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Автобус паркінің 13 қызметкері де жауапкершілікке тартылды.

Мұхтар Бұхарбаев, қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының басшысы:

- Іс-шара көліктік бақылау инспекциясы және көліктік прокуратурасы, автомобиль жолаушылар тасымалдау басқармасымен бірге рейдтік іс-шара өтті. Егерде қала аумағында құқық бұзушылықтар көріп жатқан жағдайда, кездескенде бізге дереу 102 немесе «Жедел әрекет» чатымызға тастайды. Сол жерде жылдам құқық бұзушылықтардың бәрін алдын алып түсіндіру және әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

Хабар 24 телеарнасы