434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пенжімдегі оқушылар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

  • 161
  • UPD: 17:43, 29.10.2021

Алматы облысы Панфилов ауданындағы тәртіпсіздікке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеп-тексеру амалдары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал бүлінген үйлер бірер күнде қалпына келтіріледі. Аймақта өткен жиында жауаптылар осылай деді.

Оқиға мектеп оқушыларының өзара төбелесінен басталған. Жаппай жұдырықтасу кезінде 16 жастағы бала жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылылды. Қараңғылықта қарқын алған оқиға бейберектсіздікке жалғасқан. Соның салдарынан ауылдағы қоғам тыныштығы бұзылды.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Жаппай белең алған тәртіпсіздік барысында елді мекендегі бірнеше үйге зақым келген. Әсіресе, Мәметова мен Ескендіров көшесіндегі баспаналардың терезесі сынған. Жол жиегінде тұрған мынандай автокөліктер де бүлінген.

Абырой болғанда терезеге лақтырылған тастан ешкім зардап шеккен жоқ. Тәртіп сақшылары көшеге шыққандарды түн ішінде таратып жағдайды тұрақтандырды.   

Жандос Асылбекұлы, аудандық ПБ басшысы:

- Қазіргі уақытта ауданымызда Пенжім ауылдық округінде профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау туралы. Барлығы тыныш. Қорқатын ештеңе жоқ.

Түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін мәдениет үйінде арнайы жиын өтті. Онда көпшіліктің пікірі тыңдалды. Басқосуда тараптар татуласып, өзара мәмілеге келді. Ал қариялар жастардың тәрбиесіне енді жіті көңіл бөлетінін жеткізді.

Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы