Елордадағы әуежайға қосымша 700 тонна авиаотын беріледі

Қазақстандық авиатасымалдаушылар жанармай тапшы деп дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қордағы отын жетпей қалуы мүмкін деп отыр. Керосин тапшылығынан ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін. Авиакомпаниялардың бірі осындай мәлімдеме жасап, Үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды сұрайды.

Ал Энергетика министрлігі болса, әуе қатынасы бір қалыпты, алаңдауға негіз жоқ дегенді айтты. Мұнай өңдеу зауыттарына отын жөнелтуді жеделдету міндеті қойылды.

Авиатасымалдаушылар қазан айының басында отын қорының күрт төмендегенін мәлімдеді. Айдың аяғында жағдай тіптен нашарлай түсті. Керосин көлемі Нұр-Сұлтан, Ақтау және Ақтөбе әуежайларында азайып кетті. Бұл туралы Scat әуе компаниясы хабарлады. Олардың қоры не бары екі-ақ күнге жетеді деп отыр. Тасымалдаушы жанар-жағармайды екі есе қымбатқа сатып алуы мүмкін. Тек бұл билеттердің құнына әсер етуі ықтимал екендігін алға тартты. Ал бұған жауапты министрлік өкілдерінің айтуынша, барлық әуекомпанияға мұнай зауыттарының жөндеу жұмыстары жайлы ескертілген.

Талғат Құрманбаев, ҚР ЭМ мұнай тасымалдау және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары:

– Еліміздің әуе отыны нарығындағы ахуал жолаушы тасымалына әсер етпейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Тұрақты әуе рейстерін тоқтату туралы мәлесе қаралып отырған жоқ. Жолаушы және жүк тасымалдау ұшақтарын жанар-жағармаймен қамту үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгін елорда әуежайына отын жеткізу мәселесі шешілген.

Әнуар Шалекенов, Н.Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:

Ал Энергетика министрлігі Павлодар мұнай өңдеу зауытының қайта іске қосылуына дейін әуе отынын жеткізу кестесін құрған. Зауыттағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталмақ. Әуежайлардағы қор көлемі қазір 28 мың тоннаға жетеді. Ай соңына дейін еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2000 тонна авиаотын шығаратынын хабарлады. Қарашада ірі тасымалдаушылар оны әуежайларға жедел жеткізуге кіріседі. Бұған дейін отын тапшылығын алға тартқан елордадағы әуежайға қосымша 700 тонна авиаотын беріледі.

Айнұр Қуатқызы