Ауыл – ел бесігі: СҚО-да жыл соңына дейін 75 жоба жүзеге асырылады

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы елді мекендерде түйткілдерді шешуге түрткі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 75 жоба жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 9,7 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Оның басым бөлігі игерілді. Нәтижесінде ауылдағы ағайынның тұрмысы айтарлықтай жақсарды. Осы бағытта атқарылып жатқан ілкімді істерді бақылау үшін өңірге Үкімет мүшелері барды. Бұл ретте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жөндеу жұмыстары жүргізілген мәдениет, білім беру, спорт нысандарын аралады. Мұнымен қоса жолдардың құрылысымен де танысты.  

Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

– «Полтавское» серіктестігінің басшылығымен кездестік. Қуаңшылыққа қарамастан жақсы өнім жинаған. Сондай-ақ ол қызметкерлеріне арнап тегін баспаналар тұрғызып жатыр. Болашақта мұндай кәсіпкерлердің шығынының 50 процентін мемлекет өтеп берсе деймін. Сондықтан осы сұрақты қарастыруымыз қажет.