434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Halyk Bank-те жаңа қызмет: мемлекеттік жәрдемақыны қашықтан рәсімдеуге болады

  • 136
  • UPD: 22:45, 28.10.2021

Halyk Bank халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа онлайн-сервисін ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық цифрландыру форумында оны банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырды. Бұл қызмет түрі мемлекеттік жәрдемақыны Halyk Homebank-тің қосымшасы арқылы рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Halyk Bank-тің «Бала туғанда берілетін жәрдемақы» қызметі қазірдің өзінде қолжетімді. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ бүкіл істі тындыруға мүмкіндік береді. Банк мұны еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырды. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін екі мемлекеттік төлем, атап айтқанда бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төленетін жөргекпұл бір өтінішке біріктірілді. Бұл тұтынушылар үшін өте ыңғайлы. Яғни жәрдемақыны жылдам рәсімдей алады. Оның үстіне мұндай қызмет түрі өзге қосымшаларда кездеспейді. Таныстырылым барысында Үміт Шаяхметова онлайн сервистің мемлекеттік органдармен өзара байланысу технологиясы мен өтінішке қажетті ақпаратты беру үдерісі туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, қосымшаны оңай қолдануға болады. Сондықтан халық арасында кеңінен сұранысқа ие болады деген жоспар бар. 

Айта кету керек, Halyk Bank өз тұтынушыларын әрдайым назарда ұстайды.

Соған орай, жүйелі түрде өздерінің тараптарынан көрсетілетін қызметті жетілдіріп отырады. Атап айтқанда, Halyk Homebank мобильді қосымшасында автокөлікті қайта рәсімдеу, «Жәрдемақы алуға арналған арнай карта» мен «Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот» ашу сияқты бірқатар қызметтер қазірдің өзінде қолжетімді.

Halyk Bank – әлеуметтік төлемдерді аудару бойынша негізгі оператор. Банктің мобильді қосымшасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған тұтас модуль бар. Оның функциясы жаңартылып, үнемі толықтырылып отырады.

Қарлығаш Қайыпбекова

Хабар 24 телеарнасы