ШҚО «қызыл аймаққа» өтті

29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл аймақтағы» өңір саны бес облысқа жетті, деп хабарлады Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.