Павлодар облысының экс-әкімі Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қайтып алды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алған.

Экс-шенеуніктің өтінішін Павлодар қалалық №2 соты қарады.

Сот өкілдерінің хабарлауынша, ол мұндай шешім қабылдауға құқылы. Процесс барысында Бақауовтың қорғаушысы прокурор мен өзінің де пікірі тыңдалған. 

Еске сала кетсек, экс-әкім өткен жылдың мамыр айында қызметін асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметке жолай алмайды. Ол кінәсін мойындады. Бұрынғы аймақ басшысы облыстық кірістер департаментінің басшысынан, туыстарының төленбеген 212,6 млн теңге  салығын, қысқартуды бұйырып, қызметін асыра пайдаланған.