Жамбыл облысында газ өңдеу зауыты өртенді

Жамбыл облысында зауыт өртеніп бүтін бір ауылға қауіп төнді.

Аса ауылындағы «Амангелді газ өңдеу зауытының» аумағындғы 240 текше метрлік екі дизель резервуарының сығымдау блогы жанып өзге қоймаларға таралып кете жаздады. 

Абырой болғанда, өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 21 техника мен 75 адам жұмылдырылды. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Келген шығын есептеліп жатыр. Өртенген аумақ қоршалып, қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.