Солтүстік Қазақстан облысында ковид өрши бастады

Еліміздің солтүстігінде коронавирус қайта өрши бастады. Тек өткен тәулікте 163 адамнан вирус анықталып, антирекорд орнатты. 

Аймақта шектеу шаралары күшейтілгенімен нәтиже жоқ. 

Эпидемиолог дәрігерлердің айтуынша, ауру жұқтырса да қоғамдық орындарда еркін жүрген 108 адам «Ашық» бағдарламасының көмегімен анықталды. Тәртіпке бағынбағандарға төрт жарым миллион теңгедей әкімшілік айыппұл салынған. Ал облыс қызыл аймаққа өткеніне бір айға жуық уақыт болды.

Айта кету керек, ересектермен қатар балалар да ауырып жатыр. 69 мектепте 120 сынып карантинге жабық. Өңірде науқастарға 1755 төсек-орын дайындалды.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі күні ауруханада 793 адам ем қабылдауда. Оның 60 процентінің жағдайы ауыр. Яғни 51 адам жансақтау бөлімінде. 400-ден астам азамат жасанды тыныс алу аппаратына тәуелді. Күніне жүзден астам науқас түседі. Сондықтан жедел жердем қызметі мен дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.