Еліміздің тоғыз облысын велосипедпен аралап жүрген саяхатшы Павлодарға жетті

Еліміздің тоғыз облысын велосипедпен жүріп өтуді мақсат еткен Дамир Күшеев Ертіс өңіріне келіп жетті.

Велосипедші 5500 шақырымдық саяхатын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды. Ол Алматыдан 12 қазанда шығып, күніне 120 шақырымды жүріп отырған.

Дамирдің айтуынша, жиі туындайтын қиындықтың бірі жол бойындағы қызмет көрсету орындарының аздығы. Сондықтан далада немесе мешіт, жатақхана сияқты жерлерде қонып, ішер асын бірге тасып жүруге мәжбүр. Дамирдің ендігі бағыты Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары. Бұған дейін ол Түркияны аралап шыққан.

Дамир Күшеев, саяхатшы: 

- Павлодар облысында бұрын-соңды болып көрмеппін. Семей қаласынан осында келдім. Сұлу табиғатына тамсандым. Халқы қонақжай, мейірімді екен. Велосипедпен саяхат барысында Қазақстанның аймақтары өзге қырынан көрінеді. Осында бір күн аялдап, Нұр-Сұлтан қаласына жол жүремін.