«Ауыл – ел бесігі»: Алматы облысында бағдарлама баяу орындалып жатыр

«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысында әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп, жолдар салынып, жаңадан электр желілері тартылып жатыр.

Бүгін еліміздің Әділет министрі Марат Бекетаев облысқа жұмыс сапарымен барып, бағдарламаны жүзеге асыру барысымен танысты. Былтыр Іле ауданы, Боралдай кентіндегі «Әдемі» балабақшасына осы бағдарлама арқылы күрделі жөндеу жасалып, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. 320 балаға арналған балабақшада қазір 250-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бұдан бөлек биыл Қоянқұс ауылындағы 6 көшеге электр желісі, Өтеген батыр кентінде жарықшамдар орнату жұмысы басталды.

Бағдат Қарасаев, Іле ауданының әкімі:

- 2024 жылы біздің Іле ауданымызда осы бағдарламаға 23 жоба қарастырылған. Бұның құны 5 млрд теңгеден астам ақша. Ендігі 2022жылғы осы жоба бойынша 4 жоба іске асады. Осы бағдарламаның арқасында біз ауылдағы жолдарды, тұрғын үй шаруашылық мәселелерін оның ішінде жаңағы айтып жатқан электр желілерін қалпына келтіру үлкен көмек болады.

Десек те, Алматы облысындағы бес ауданда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы, баяу жүзеге асырылып жатыр. Бөлінген қаржыны игере алмай жатқан аудан әкімдері, әділет министрі Марат Бекетаевтың алдында есеп берді. Олардың айтуынша жұмыс қар-қынының төмендеуіне құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп болыпты. Салдарынан шығынды қайта есептеп, баСтамалардың бірқатарына, өзгеріс енгізуге тура келген. Айта кетейік, аталған бағдарлама аясында өңірге 18 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оған 41 елді-мекендегі өзекті мәселені шешу жоспарланған. Нақтырақ айтқанда мектеп, емдеу мекемелері, спорт кешендерін салып, инфроқұрылым мен жол жөндеу көзделген еді. Қолға алынған 55 жобаның бүгінгі күнге дейін, төртеуі ғана аяқталған. Қалғандарында, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Алматы облысын аралап объектілерді көріп, осы жиналысты өткіздік. Жыл соңына дейін СКЛ қандай жұмыстарды бірге атқарамыз келістік. Жалпы жұмыс атқарылып жатыр темп жақсы.