LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды Түркияда іздеп жатыр

Түркияда Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды анықтау және қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талғат Ардан Түркия аумағында деген ақпараттан кейін аталған мемлекеттің құзыретті органдарына оны беру туралы сұрау салынған. Оған жауап ретінде Түркияның интерполы Талғат Арданды қамауға алу туралы қаулы шығарған. Сондай-ақ Қазақстан АҚШ әділет министрлігіне Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Сұрау салу америкалық тараптың қарауында жатыр.

LRT ісі бойынша тергеу барысында анықталған залал сомасы 5,8 млрд теңгені құрады. Қанат Сұлтанбеков жəне Талғат Арданның тікелей жымқырған үлестерін анықтау мүмкін болмады.