434.16 493.30 5.87

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды

  • 82
  • UPD: 19:14, 29.10.2021
Елордада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті, 

деп хабарлайды «Хабар 24» академияның ресми порталына сілтеме жасап.

Салтанатты жиынға Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халықаралық ұйым басшылары, сонымен қатар депутаттар, дипломаттар, жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, танымал түркологтар қатысты.

Жаңа ғимарат екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста академия ұжымы орналасса, екінші корпус Түрк музейі мен Түркология кітапханасына арналған.

Айта кету керек, Түркі Академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бой көтерді. Құрылтайшы құжаттары мақұлданып, толық халықаралық ұйым мәртебесіне ие болған Түркі академиясы – түбі бір түркі елдерінің  ғылыми интеграциясын нығайту, руханият кеңістігін үйлестіру, ортақ мұраларды кешенді дәріптеу мақсатында құрылған.

 

Хабар 24 телеарнасы