Коронавирус қайта қарқын алды – ДДСҰ

Әлемде коронавирустың таралуы тағы күшейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Кейінгі екі айда қауіпті инфекцияға шалдыққандар мен қайтыс болғандар саны біршама артқан. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейесустің айтуынша, инфекциямен күрес құралдары әлі күнге дейін әділ бөлінбей келеді. Салдарынан індетті жеңу мүмкін болмай тұр. Бүгінде әлемде 245 миллиондай адам ковид жұқтырған. 5 миллионға жуығы қайтыс болды.