Павлодар облысында 22 ауылдың инфрақұрылымы жаңартылады   

Биыл Павлодар облысында 25 мың адам тұратын 22 ауылдық округтың инфрақұрылымы жаңартылады.

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 70 жоба жүзеге асып жатыр. Бүгінгі таңда басым бөлігі аяқталған. Әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, ауыл көшелеріне жаңадан асфальт төселді.

Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Павлодар облысында бес ауылдық округте болып, мәдениет үйлері мен мектептерге жүргізілген күрделі жөндеудің сапасын көрді. Жаңадан салынған жолдармен танысты. Мәселен, Павлодар ауданындағы Новочерноярка ауылында 240 орындық мәдениет үйі мен кітапхана жаңартылған.

Күрделі жөндеу 500 бала баратын ауыл мектебін де қамтыды. Бұл ауылда 4 көшеге асфальт төселген.