Талдықорғанда Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350 жылдығы тойланды  

Іс-шара аясында тарихи тұлға жайлы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ел қорғаған батырдың жер тұтастығы үшін жүргізген күресі тарихи драмада алғаш рет сахналанды. Сонымен қатар облыс орталығында еңселі ескерткіш ашылды.

Жолбарыс би Жылқайдарұлының ескерткіші жаңадан бой көтерген «Болашақ» ықшам ауданына орнатылды. Тас тұғыр үстіндегі атты мүсіннің биіктігі бес метр, салмағы 60 тонна. Қоладан құйылған композициянының мәні-мен мағынасы терең.

Бауыржан Жуасбаев, мүсінші:

– Астындағы тасының өзі жеке туынды болып тұр. Еркін даланың шыңы. Өзінің шыңына жеткен Жолбарыс би бабамыздың биігін көрсетіп, астындағы атының қимылдарына дейін динамикасын, экспрессиясын соның бәрін іздеп тапқан сияқтымыз.

Тарихи тұлға 1671-1761 жылдар аралығында Жетісу өлкесінде өмір сүрген. Ол жаугершілік заманда қол бастаған батыр, бейбітшілік кезінде әділдікті ту еткен би болыпты.

Омархан Өксікбаев, «Жолбарыс би» қоғамдық қорының төрағасы, қоғам қайраткері:

– Тәуелсіз ел болып бір күнде құрай қалған жоқпыз. Сол бабаларымыздың еңбегіменен солардың қаныменен солардың найзасының ұшыменнен осы тәуелсіздікке жеттік. Сондықтан да бүгінгі ұрпаққа үлгі болып насихаттасақ және солар отаншылдықты, елшілдікті әділдікті, алға ұстайтын бойларына қасиет тұтса, біз осы атқарған ісіміздің нәтижесі деп біген болар едік.

350 жылдық мерейтой аясында «Рухты елдің Жолбарысы» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Онда «Аңыз боп жеткен абыз» және «Жылқайдарұлы Жолбарыс би елінде» атты қос кітаптың тұсауы кесілді.

Мәмбет Қойгелді, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі:

– Жолбарыс бидің 18 ғасырдан бері елдің жадындағы електен өтіп, бүгінгі заманға жетуі жәйдан жай емес. Оның халыққа елге жұртқа халыққа қиын заманда пана болғандығының соған бас көз болғандығының белгісі.

Сонымен қатар Б.Римова атындағы театрда белгілі журналист Серік Сарыбайдың «Аманат» атты тарихи драмасы қойылды. Онда Жолбарыс би Жылқайдарұлының өмірі мен халқымыздың ұлт азаттығы және жерінің тұтастығы үшін жүргізген ұлы күресі сахналанды.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов