434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әуе қорғаныс күштері жаңғыртылған зениттік зымыран кешендерімен нығайтылуда

  • 133
Әуе қорғаныс күштері жаңғыртылған зениттік зымыран кешендерімен нығайтылуда

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында күрделі жөндеу мен жаңғыртудан өткен С-300ПС зениттік-зымыран кешендерінен оқ атудың қорытынды сынағы аяқталды.

Зымырандарды ұшыруды әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік есептоптары жүзеге асырды.  Күндізгі және түнгі уақыттарда баллистикалық зымырандарды имитациялау арқылы әуе нысаналарына оқ атулар жүргізілді.

– Бүгінгі күні біз кешендерді қабылдауды аяқтаймыз, техника әскерлерге жіберіліп, олар мемлекеттің әуе шебін күзетуде жауынгерлік кезекшілік атқаратын болады, – деді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Оларды қабылдауға зымырандарды іс жүзінде ұшыру барысында қосымша тәжірибе жинақтайтын біздің жауынгерлік есептоптар жұмылдырылды.Зениттік зымыран кешендері әуе кеңістігін қорғауда жауынгерлік кезекшілік атқару үшін Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдеріне берілетін болады.

С-300ПС зениттік зымыран кешені әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің бірі саналады. Жоғары дәлдіктегі қаруды қолдана отырып олар әуе шебін жаппай шабуылдан қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Хабар 24 телеарнасы