435,77 493.30 5,9
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында 1 қарашадан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі

  • 163
Ақмола облысында 1 қарашадан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 29 қазандағы "Ақмола облысының аумағында шектеуші карантиндік іс-шаралар туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Ashyq жобасына қатысатын объектілерден басқаларына жаппай тамақтану орындарында және үйде, сондай-ақ ашық ауада отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру және т.б.) өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, діни, спорттық, мәдени) өткізуге тыйым салынады.

Ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынады: балалар ойын-сауық орталықтары, караоке, түнгі клубтар, бильярд залдары, көрмелер, марафондар.

Облысаралық, облысішілік, қалалық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Саябақтарға, алаңдарға және басқа да демалыс орындарында әлеуметтік қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат етіледі.

Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы көруге болады.

Қаулы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы