434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түлкібастың бар-жоғы 26 отбасы тұратын ауылына газ жетті

  • 111
  • UPD: 08:08, 30.10.2021
Түлкібастың бар-жоғы 26 отбасы тұратын ауылына газ жетті

Таудың етегіндегі Иірсу ауылында бар-жоғы 26 отбасы тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар шағын ауылдың алыста орналасуына байланысты бұған дейін көгілдір отынмен қамту мүмкін болмағанын айтады. Биыл 6 шақырым газ құбыры тартылады. Айта кетерлігі, бұл аудан халық санына шаққанда 99,9 процент табиғи отынмен қамтамасыз етілген. Ал Иірсу ауылы газға қосылғанда Түлкібас еліміздегі көгілдір отынмен толық қамтылған алғашқы аудандардың қатарына енеді.

Асыл Нұрлыбай, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Республикалық бюджеттен 18,8 шақырымға 175 млн теңге қаржы қаралған. 2022 жылы аяқтау жоспарлануда. Осы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін аудандағы 63 елді мекеннің барлығы 100 пайыз газбен қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы