433,32 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Танымал спортшылар балалар үйі тәрбиеленушілерін жеке қамқорлығына алмақ

  • 102
  • UPD: 17:57, 08.11.2021

Батысқазақстандық танымал спортшылар балалар үйі тәрбиеленушілерін жеке қамқорлығына алмақ ниетте.

«Тәлімгерлік» аталатын пилоттық жоба аясында олар спортқа бейім жеткіншектерге өмірлік тәжірибесін үйретеді. Бағыт-бағдар беріп отырады. Бұл жобаны оңтайлы жүзеге асырып, жасөспірімдерді шыңлауға олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектебінде барлық жағдай бар дейді мамандар. 

14 жасар Владислав Ермольчев – облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі. Екі жыл бұрын осы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжіне қабылданды. Болашақта әлемге әйгілі спортшы атануды армандайтын жеткіншек қазір велоспорт үйірмесіне қатысып жүр.

Владислав Ермольчев, облыстық олимпиада резерві мектеп-интернатының оқушысы:

– Мен спорт мектебіне түскеніме өте қуаныштымын. Емтихан тапсырғанда өте қорқынышты болды. Бірақ бәрі артта қалды. Біздің тәлімгерлер спортты да үйретеді, күнделікті өмірде де барлық нәрсеге көмектеседі.

Мақтаулы мектеп-интернаттың директоры Қанат Жанғалиев самбо күресінен спорт шебері. Әлемдік деңгейдегі талай дүбірлі додада топ жарған аймақтағы ардагер спортшылардың бірі. Мақсат – олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу. Сонымен бірге «тәлімгерлік» жобасын жүзеге асыруға жан-жақты атсалысу. Мектебімізде оған толық жағдай бар, – дейді тәжірибелі маман.

Қанат Жанғалиев, олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры:

– Жетістіктеріміз де жаман емес, облыстық республикалық, азия, әлекмдік деңгейде шәкірттеіміз бар. Соның бірі елімізге танымал Катя Ларионова өзіміздің интернатта оқып шыққан біздің шәкіртіміз. Тың жоба облыстық әкімшіліктің тарапынан идея беріп жатыр бізге жұмыстануға. Ол өте дұрыс деп ойлаймын мына жетім балаларымызды балалар үйінде тәрбиеленетін оқушыларды спортқа баулып, соларды тәлімгерлікке алып әрі қарай өмірде үлкен азамат болып кетуіне септігі тиеді деген ойдамыз.

Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында 29 шәкірт тәрбиеленіп жатыр. Олардың өмірден өз орнын табуына өңірдегі танымал спортшылар, қоғам белсенділері мен волонтерлар атсалыспақ ниетте.

Бақытжан Нарымбетов, облыс әкімінің орынбасары:

– Бұл жобаны қазір біз спорттық бағытта алдық. Келесі бағытымыз – өнер, мәдениет саласында балалардың әрқайсысына қолдау көрсету. Бұл жерде негізгі мақсат балаларды моралдық-психологиялық қолдау ғой. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасау. Солардың алдында үздік спортшыларымыз, жаттықтырушыларымыз өздерінің тәжірибесімен спортқа бағыттайды. Пилоттық жобаны бересми жоба ретінде бастап жатырмыз.

«Тәлімгерлік» жобасы аясында балалардың өзге де қырынан ашылуына мүмкіндік туады. Ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асыруға өңірдегі спорт, өнер мен мәдениет секілді әр түрлі сала үздіктері өз үлесін қосуға дайын.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов

Хабар 24 телеарнасы