Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Украина ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевскийдің хаттамалық кездесуі аясында әскери саладағы екі жақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар түрлі шеңбердегі екі елдің ағымдағы ынтымақтастығының деңгейін атап өтті. Ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.